Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаһизада өзінен 18 жас кіші жігіті туралы бар шындықты айтты (видео)

Жарияланған күні:

Шаһизада мен Ерболат Ержанбаев
Шаһизада мен Ерболат Ержанбаев. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Отандық әнші Шаһизада көпшілікке өзінен 18 жас кіші жігітін таныстырған болатын. Алайда әншінің жігіті Ерболат Ержанбаев желіде оқырмандарына үш баласының анасын таныстырды. Осыдан соң әнші Шаһизада жас жігітпен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шаһизаданың айтуынша, Ерболат Ержанбаев екеуінің қарым-қатынасы хайп болған. Ол мұны Instagram парақшасында мәлім етті.

"Мен туралы желіде айтылып жатқан ақпараттың бәрі өтірік. Сол туралы айтып қояйын деп жатырмын. Ерболат жас әнші. Үш жылдан бері сахнаға көп шыға алмай жүрді. Үйінде қайғылы жағдай болып, өнері тоқтап қалды. Жастарға көмектесейін деп, мен Ерболатқа күйеуге шыққан сияқты болдым. Хайп, өсек кетті.

Бірақ мен Ерболатқа күйеуге шыққан жоқпын. Ешқандай күйеуім де емес, бірге тұрған да жоқпыз. Мені ұрған да жоқ, ажырасқан да жоқпыз. Оның өзінің отбасы, әдемі әйелі, бала-шағасы бар. Соны сіздерге айтып қояйын. Бәрі өтірік", - деді Шаһизада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шаһизада жас жігітті отандық бағдарламаға әкеліп, көпшілікке таныстырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020166-sahizada-ozinen-18-zas-kisi-zigiti-turaly-bar-syndyqty-aitty-video/