Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпшілікке танымал Шімән апа екі қабатты зәулім үйін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Ерболат Төлеген
Шімән апа. Фото: instagram.com/shiman_official

Көпшілікке Шімән апа лақап есімімен танылған Ерболат Төлеген алғаш рет көпшілікке екі қабатты зәулім үйін көрсетті. "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында әзілкеш үй құрылысына екі жылдай уақыт кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"2013 жылдары жер сатып алып, үйді өзіміз салдық. Құрылысын 2013 жылы бастап, 2015 жылы үйге кірдік. Үй 400 шаршы метр шығар.

Астанада бір ағамның үйі ұнап, жобасын сәл өзгерттім. "Көз - қорқақ, қол - батыр" дейді. Сол жылдардағы мықты құрылыс заттарымен салдық. Есіктерді арнайы тапсырыспен жасаттым. Алланың қалауымен үйде бір адамдық намазхана жасаттым", - деді әзілкеш.

Сонымен қатар бағдарлама барысында Ерболат Төлеген балалар бөлмесі мен жатын бөлмесін, анасының бөлмесін көрсетіп шықты.

Бағдарлама барысында жүргізуші әзілкештің үйінің ауласында көлік қоятын тұрақ пен балалар алаңы барын да атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерболат Төлеген өнерге келмей тұрып, Ақтөбеде кондуктор болғанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020537-kopsilikke-tanymal-siman-apa-kopsilikke-eki-qabatty-zaulim-uiin-korsetti-video/

pixel