Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тамақ ішпедім": Шімән апа есімімен танылған әзілкеш 2 ай ішінде қалай 20 келіге арықтағанын айтты

Опубликовано:

Шімән апа
Шімән апа. Фото: instagram.com/shiman_official

Көпшілікке Шімән апа лақап есімімен танылған Ерболат Төлеген екі ай ішінде 20 келі салмақ тастаған. Әзілкеш "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында сымбатына көңіл бөлу себебі мен аз уақытта артық салмағынан қалай арылғанын жасырмай айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазір бәрін жей беремін. Бірақ былтыр, бір жылдай жемедім. Иә, шын. Диетологпен жұмыс істедім. Маған әлеуметтік желіде "Қалай арықтадың, маған айтшы. Сенің істегеніңді жасаймын" дейді. Мен "Менің істегенімді жасама. Екеуіміздің ағзамыз бірдей емес қой" деймін.

2011 жылдан бері диета ұстап жүрмін. 2009 жылы 120 келі салмақта болдым. Одан кейін 115 келі, 110 келі, 90 келіге түстім. Бірақ былтыр үш ай өз еркіммен ашықтым. Он бес күн бойы тамақ жемедім. Аштық ұстадым. Сорпа іштім. Физикалық күш түсірмедім. Оразадан кейін үш айдай үйде жаттым. Бір жаққа шықсам, ештеңе жемедім. Тамақ жегің келеді, бірақ жемедім. Сол кезде адамда салмақ азаяды. Одан кейін екі ай бойы шөп-шалаң, брокколи, жұмыртқа жедім. Екі айда 20 келі салмақ тастадым.

Қазір жаттығу бастадым. Қазір күніне жеті рет тамақтанамын. Бір-екі келі салмақ қосамын. Бірақ жаттығумен қайта тастаймын ол салмақты", - деді жан сырын ақтарған Ерболат Төлеген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әзілкеш көпшілікке екі қабатты зәулім үйін көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020562-tamaq-ispedim-siman-apa-esimimen-tanylgan-azilkes-2-isinde-qalai-20-kelige-aryqtaganyn-aitty/