"Нүкте қояйын деп келдім": Шаһизада көпшілікке таныстырған 18 жас кіші жігіті әншімен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты
Жарияланған күні:
Отандық әнші Шаһизада биылғы жылдың басында көпшілікке өзінен 18 жас кіші жігітін таныстырған болатын. Алайда кейінірек әнші таныстырған азамат Ерболат Ержанбаев желіде оқырмандарына үш баласының анасын таныстырды. Осыдан соң Ерболат Ержанбаев әншімен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты "Астарлы ақиқат" бағдарламасында ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Негізі өнердегі Жеңіс Ысқақова әпкеміз "Көптен бері шықпай кеттің ғой. Хайп жасасаңдаршы" деп әзілдеп айтты. Өзім өмірде бірінші рет мұндай жағдайға түскеннен кейін біртүрлі көрінді. Бірақ әлеуметтік желіге тарап кеткеннен кейін хайп осындай болады екен ғой деп сезіндім.
Ешкімнің көзі шығып, басы жарылып жатқан жоқ. Елдің алдында жүргендіктен, бүгін осыған нүкте қояйын деп келдім", - деді Ерболат Ержанбаев.
Айта кетейік, отандық әнші Шаһизада отандық бағдарламаның бірінде төртінші жігітін көпшілікке таныстырған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, кейінірек әнші Шаһизада 18 жас кіші жігітпен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021186-sahizada-kopsilikke-tanystyrgan-18-zas-kisi-zigiti-ansimen-qarym-qatynasy-zaily-bar-syndyqty-aitty/