Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуге шығып алам": Шаһизада өзінен 18 жас кіші әнші жігітпен хайп жасағаны үшін өкінбейтінін айтты

Жарияланған күні:

Шаһизада, Ерболат Ержанбаев
Шаһизада, Ерболат Ержанбаев. Фото: "Астарлы ақиқат" бағдарламасы

Отандық әнші Шаһизада биылғы жылдың басында көпшілікке өзінен 18 жас кіші азаматты жігітім деп таныстырған болатын. Өнер иесі "Астарлы ақиқат" бағдарламасында ел алдында жасаған хайпына байланысты жағдайдың бәрін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Балаларың, немерең дейді. Менің жеке өмірімде ешкімнің шаруасы болмасын. Кейде гастрольдік сапарға шыққанда күйеуі бар әншілер маған мұңын шағады. Сондай кезде мен жұбата аламын. Өйткені, қателікті көрген, қателігімді жеңген адаммын.

Маған олар жазады. Олар мені жақсы білмейтін, өсек айтқыш адамдар. Менің балаларым керісінше, "Анашым, хайп жасайық" дейді. Өйткені, бала-шағам менің ішкі дүниемді, не ойлайтынымды 100 пайзыз біледі", - деді Шаһизада.

Сонымен қатар Шаһизада бағдарлама барысында елді шулатқан оқиғаның қалай басталғанын да айтып берді.

"Концерт болды. Ең басында менің жанашырлығым болды. Концертте отырып, суретке түстік. Жеңіс Ысқақова "Хайп жасап жібермейсіңдер ме? Мына балаға (Ерболат Ержанбаев - ред.) бір көмек керек еді" деді. Ол (Жеңіс Ысқақова - ред.) бүлдірген жоқ, бүлдірем деп ойламады. Ол да бір шоу жасағысы келді. Бауырына көмектескісі келді. Сахнаға алып шықтым. Дуэт жазып жатырмыз, тойға алып барып жатырмын. Менен қандай кінә бар? Мен көмектескім келіп жатыр.

Қанша өнер адамдары "Жарайсыңдар. Өте керемет хайп жасапсыздар" деп телефон шалды. Бәрі қолдады. Оған не дейсіз? Құшақтағанда бауырым ретінде құшақтасып, жақсы көріп, сағынысып құшақтастық. Не деген ойларың арам еді?

Егер менің ойым таза болмаса, Ерболатқа (Ержанбаев - ред.) күйеуге шығып алам, мысалыға. Оны Мереке (Ерболат Ержанбаевтың әйелі - ред.) жақсы біледі. Бірақ мен ондай тірлікке бармаймын. Еш уақытта біреудің отбасын бұзған емеспін.

Менің жігітім бар екенін де бұлар біледі. Менің жігітім бар. Менің жігітім де хайпты түсініп отыр ғой. Ешкім олай болады деп ойлаған жоқ. Оқырман керек, сахнаға шығару керек, ән айту керек, дуэт айту керек, көмектесу керек. Мен көмектестім. Әлі де көмектесемін. Мереке бар, бірге жүреміз. Менің ойым таза. Маған ештеңе де болып жатқан жоқ. Мен адасқан жоқпын, мен көмектеспін. Төртінші күйеуге тием бе, оныншы күйеуге тием бе, өзімнің мәселем. Халыққа мен жаманшылық жасап жатқан жоқпын. Әдемі әнімді сыйлап жатырмын.

Әркімнің ауызына қақпақ бола алмаймын. Ешқандай өкінбеймін. Ешкімге жаманшылық жасаған жоқпын. ", - деді Шаһизада.

Айта кетейік, отандық әнші Шаһизада отандық бағдарламаның бірінде төртінші жігітін көпшілікке таныстырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, кейінірек әнші Шаһизада 18 жас кіші жігітпен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты.

Ал осы оқиғадан соң Ерболат Ержанбаев "Астарлы ақиқат" бағдарламасында өз шындығын жайып салды. Cонымен қатар Ерболат Ержанбаевтың жұбайы Мереке осы оқиғаға байланысты отбасында болған жағдайды баяндап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021227-tiip-alamyn-sahizada-ozinen-18-zas-kisi-ansi-zigitpen-xaip-zasagany-usin-okinbeitinin-aitty/