Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Блогер": әнші Нұрлан Еспановтың әншілікті тастап кеткені рас па

Опубликовано:

Нұрлан Еспанов
Нұрлан Еспанов. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Отандық әнші Нұрлан Еспанов өзін әлеуметтік желіде неліктен блогер деп атап қойғанын түсіндірді. "1001 түн" бағдарламасына келген өнер иесі әншілікті тастамағанын мәлім етті , деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында тележүргізушінің бірі әншіден "Сіз блогерсіз бе? Әнші қайда? Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері деген дардай атағыңыз бар. Неге парақшаңызға блогер деп жазып қойдыңыз", - деп сұрады.

Ал әнші әлеуметтік желіні өзі жүргізбейтінін, блогер деп ұлының жазып қойғанын мәлім етті.

"Блогер деп балам жазып қойыпты. Негізі блогер емеспін. Әлеуметтік желіге көп көңіл бөлмейтінмін. Әлеуметтік желідегі парақшамды ұлым Олжас жүргізеді. Олжас мені "Блогер" деп жазып қойыпты.

Қазіргі таңда әлеуметтік желі сұранысқа ие ғой. Сіздер "Жарнама салып, байып жатыр" деп ойлап қалмаңыздар. Менде дос көп. Маған "Ренжиміз, желіге жариялап беріңізші. Сіздің оқырмандарыңыз шынайы ғой" дейтіндер көп. Мен аламын да үйіп-төгіп желіге жариялап беремін.

Жаңа ән жаздым. Қазан айында концертім болады. Бүкіл қазақ эстрадасы жиналады. Елуге толдым ғой. Алдын ала дайындалайыншы дедім", - деді Нұрлан Еспанов.

Естеріңізге сала кетейік, жақында әнші Нұрлан Еспанов Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында қазақ баласының тұсауын кескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021580-bloger-ansi-nurlan-espanovtyn-ansilikti-tastap-ketkeni-ras-pa/

pixel