Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір жарым жыл бірге тұрдық": Арай Әлімхан өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығу шешімін қалай қабылдады

Опубликовано:

Арай Әлімхан жұбайы Евгений Алексеевпен
Арай Әлімхан жұбайы Евгений Алексеевпен. Фото: instagram/aray_alimkhan

Танымал журналист Арай Әлімхан екінші некесінде бақытты өмір сүруде. "Мамский әңгіме" жобасында Айнұр Ілиясоваға сұхбат берген ол өзге ұлт өкілімен қалай танысқанын толық баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Екеумізді Бейбіт Әлібеков таныстырды. Ол кезде әлі заңды түрде некеде едім. Бірақ бірге тұрмаймыз. Көпшілік оны біле бермейді. Өзіммен танысқысы келген ер адамдарға: "Мен тұрмыстамын", - деп бас тартатынмын. Ешкіммен араласпайтынмын. Адвокат тауып, ажырасуға құжаттарымды бердім. Төрт айдан кейін маған Женя жаза бастады. Мен қайда барсам, сол жерге баруға тырысты. 6 шілде, Астанамыздың туған күнінде ол мені арнайы құттықтап келіп, сезімін білдірді.

Оның мәрттігіне риза болдым. Қазақта да мәрт жігіттер көп қой. Әр келген сайын сыйлықтарын, әшекейін аямайтын. Басында оның еуропалық сипатына қызықтым. Алайда үйленеміз деп ойламадым мүлде. Өйткені, өзім енді ажырасқанмын. Ұлыммен таныстырдым. Біз бір жарым жылдай бірге тұрсақ та, заңды некеге отырудан бас тарттым. Тек уақыты келгенде ғана құжатқа қол қойдық. Бірден қабылдаған жоқпын. "Көңіл-күйің жақсы болса, қол қойып қайтайық", - деді. Бұл - оның да екінші некесі. Жас кезінде үйленіп, екі-үш айдан соң ажырасып кеткен", - дейді Арай Әлімхан.

Айта кетелік, Арай Әлімхан бірінші некедегі күйеуімен неліктен ажырасқанын да бүкпесіз баяндады.

Бүгінде Арай мен Евгений екі бала тәрбиелеп отырған бақытты жұптардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021732-birden-qabyldamadym-arai-alimxan-ozge-ult-okiline-qalai-turmysqy-syqty/

pixel