Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енесімен бірге қыдырғаны керемет": Аша мен Арман отбасымен шетелде демалып жүр (фото)

Опубликовано:

Аша Матай
Аша Матай мен Арман Қоңырбаев. Фото: Instagram / @asha_matai

Танымал қазақстандық әншілер Аша Матай мен Арман Қоңырбаев отбасымен бірге шетелдегі курорттық қонақүйлердің бірінде демалып жүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аша Матай отбасымен демалып жүрген сәтінен суреттер мен видеоларды Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен.

Белгілі болғандай, жұлдызды отбасы Түркия еліндегі қонақүйлердің бірінде тоқтаған.

Аша Матай мен оның жолдасы
Аша Матай мен оның жолдасы. Фото: Instagram / @asha_matai

"Жұмысымызды адал атқарып, енді миымыз демалатын жерге келдік. Отбасымызбен рахаттанып, қонақүймен танысып жүрміз. Өте әдемі жер екен. Құдайға шүкір! Сізге де бұйырсын", - деді ол өзінің жазбасында.

Суреттерді тамашалаған желі қолданушыларының бірі жұлдызды жұпқа ақ тілегін жазса, енді бірі енесімен бірге демалып жүрген Аша Матайға мақтауларын жаудырған.

"Әдемі жұп, демалыстарыңыз жақсы өтсін", "Енесі мен келіні, қандай тамаша, көпке жақсы үлгі боларлық", "Енесімен бірге қыдырғаны керемет", "Сөмкесіне ғана қарағандар, біргеміз", "Енеңіз қандай сұлу", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін Аша Матай тұңғышы өмірге келгеннен кейін жұбайымен арада болған түсініспеушілік туралы айтып, ағынан жарылғаны туралы жазған едік.

Сонымен қатар әнші отандық бағдарламалардың біріне берген сұхбатында актрисалықтан неліктен бас тартқанын да айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022027-enesimen-birge-qydyrgany-keremet-asa-men-arman-otbasymen-setelde-demalyp-zur-foto/