Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Домбыра өздігінен қонды": Мейрамбек Бесбаевтың анасы алғаш рет сұхбат берді (видео)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев
Мейрамбек Бесбаев. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Отандық танымал әнші Мейрамбек Бесбаевқа домбыра өздігінен қонған."Алғашқы" бағдарламасына келген әншінің анасы Жібек Жолдасова ұлының ел білмейтін құпиясын бөлісіп, алғаш рет сұхбат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мейрамбекке домбыра өздігінен қонды. Ұйықтап жатқан бала орнынан тұрды да, өз қолын өзі домбыра қылып тартты. "Мейрамбек, Мейрамбек" десек оянбайды. Қолын домбыра қылып тартып-тартып, қайта ұйықтап қалды", - деп жан сырын айтты Мейрамбек Бесбаевтың анасы.

Сонымен қатар әншінің анасы Жібек Жолдасова ұлы Мейрамбектің атасының баласы болғанын да жасырмай айтып берді.

"Мейрамбек атаның баласы болды ғой. Әлі күнге біз етене жақын сөйлеспейміз. Тек маңдайынан иіскейміз. Мен қаталдау болдым. Сонымен болатын әңгімемізді ғана айтамыз", - деп ағынан жарылды әншінің анасы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы өзінің ел білмейтін құпиясын бөлісіп, 15 жасында мектеп бітіргенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022383-dombyra-ozi-qondy-meirambek-besbaevtyn-anasy-algas-ret-suxbat-berdi-video/

pixel