Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марқұм композитор Ескендір Хасанғалиевтің жұбайы Дарико 80 жасқа толды (фото)

Опубликовано:

Ескендір Хасанғалиев әйелі Дарикомен
Ескендір Хасанғалиев әйелі Дарикомен. Фото: instagram.com/dariko_khassangaliyeva

Танымал композитор Ескендір Хасанғалиевтің жұбайы Дарико Хасанғалиева 80 жасқа толды. Дарико Хасанғалиеваның мерейлі жасқа толғанын ұлы желіде мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мерейтой. Дарико Хасанғалиева 80 жас", - деп жазды Біржан Хасанғалиев Instagram желісінде.

Ал желі қолданушылары марқұм композитордың жұбайын мерейлі мерекесімен құттықтап, тілегін жаудырды.

"Жаңа жасыңыз құтты болсын", "Жүз жасасын", "Ғұмыры ұзақ болсын", "Шөбере көруді нәсіп етсін", "Құттықтаймыз", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Дарико Хасанғалиева марқұм күйеуінің өзі жайлы естелігін естіп, көзіне жас алған болатын.

Сонымен қатар Дарико Хасанғалиева отандық бағдарламада композитормен қалай танысқанын баяндап берді.

"Бұл оқиға Қарағанды қаласында болды. Мен негізі Мәскеуде оқитынмын. Сол сәтте демалысқа келгенмін. Демалыстың соңғы күні, мен заттарымды жинап, ұшаққа дайындалып жатырмын. Сол кезде әкем келіп, "Бүгін сендерге тосынсый жасаймын. Жас композитор Ескендір Хасанғалиевтің концертіне екі билет әкелдім" деді.

Мен "Әке, мен таңғы 5-те ұшамын. Мен қалай барамын концертке" дедім. Әкем "Мен ештеңе білмеймін. Құрбыңмен бірге барып қайт" деп айтты. Сонымен келдік, бірінші қатарда отырдық. Сол кезде сахнаға Ескендір шықты. Көрермендер оны керемет қарсы алды. Маған әрине ұнады", - деп еске алды Дарико Хасанғалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022410-marqum-kompozitor-eskendir-xasangalievtin-zubaiy-dariko-80-zasqa-toldy-foto/

pixel