Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатерлі ісік деді": Мейрамбек Бесбаев ауыр дертке шалдыққан кезін еске алды (видео)

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев
Мейрамбек Бесбаев. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Танымал қазақстандық әнші Мейрамбек Бесбаев ауыр дертке шалдыққан кездегі сезімін бөлісті. "Алғашқы" бағдарламасына келген әнші жан сырын ақтарып, өмірінің ауыр кезеңін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазір күлеміз-ау. Пенде шын мәнінде кешегі сәтін ұмытып кетеді. Сол кезде Құдайға ғана жалбарындым. Кенесарының "Жай кезде анау дейміз, мынау дейміз. Басыңа шын іс түскенде, Құдай дейміз" дегендей, Құдайға жалынамыз ғой.

54 келі болып, он метр жүріп, тоқтап демалып алатын кездер ғой. Маған қатерлі ісік деді, неше түрліні айтты.

Мен Германияға барғанда, профессор Блум деген кісі "Бұл жай зоб" дейді. Мені алдап жатыр деп ойлаймын. Қатерлі ісік болса, қатерлі ісік деп айтыңыздар. Мен алданып отырмайын. Одан да күресейін. Маған олай өтірік айтпаңыздар деймін. "Өтірік емес, шын. Енді саған қалай дәлелдейік" дейді. Шынымен, бәрібір күресемін деп ойладым", - деп жан сырын ақтарды Мейрамбек Бесбаев.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мейрамбек Бесбаевтың анасы әншіге домбыраның түсінде өздігінен қонғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022558-qaterli-isik-dedi-meirambek-besbaev-auyr-dertke-saldyqqan-kezin-eske-aldy-video/

pixel