Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы Египеттегі керемет демалысын көрсетті (видео)
Жарияланған күні:
Мейрамбек Бесбаевтың жұбай Мархаббат Египеттегі демалысының естелігін көпшілікке бөлісті. Әншінің әйелі Instagram желісінде видео жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Египеттегі керемет демалыстан естеліктер. Баршаңызға жұғысты болсын", - деп жазды Мархаббат.
Ал желі қолданушылары әншінің отбасына ақ тілегін жаудырды.
"Бақытты болыңыздар", "Жақсы күндеріңіз көп болсын", "Аумин, айтқаныңыз келсін", "Бізге де жұғысты болсын", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, осыған дейін әншінің жұбайы Мархаббат ел білмейтін құпиясын бөлісіп, 15 жасында мектеп бітіргенін баяндап берген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық әнші Мейрамбек Бесбаев ауыр дертке шалдыққан кез жайлы жан сырын ақтарып, өмірінің ауыр кезеңін еске алған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022596-meirambek-besbaevtyn-zubaiy-egipettegi-keremet-demalysyn-korsetti-video/