Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншімен қалай танысқанын айтып берді

Жарияланған күні:

Мейрамбек Бесбаев жұбайымен
Мейрамбек Бесбаев жұбайымен. Фото: instagram.com/marhabat1210

Отандық танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы Мархабат өнер иесімен қалай танысқанын айтып, құпиясын бөлісті. "Алғашқы" бағдарламасында әншінің жұбайы Мархабат "Музарт" тобы жайлы білмегенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің құрбым, сыныптасым ҚазҰУ-де оқитын. Мені посвещениеге шақырды. Құрбым "Келші, көрші" деді. Бір топ ән айтып жатты. Мен ол топты білмеймін. "Осы топ ән айтып болғасын, сыртқа шығып кетесің" деген. "Жарайды" деп сахна сыртында тұрғанмын. Топ ән айтса, қыздардың бәрі жүгіреді. Мен түсінбеймін. Жалғыз өзім "Тез-тез болыңдаршы, қыздар" деп тұрғанмын.

Сол кезде Мейрамбек өзі "Қыздар, суретке түсейік" дейді. Бәрі суретке түсейін деп тұр. Мен басқа жақта тұрғанмын. Сол кезде Мейрамбек "Мына қыз суретке түспейді ме" деп, мені көрсетеді.

Сосын "Танысайық, қыздар" деп бастайды. Бәріміз танысып, есімімізді айтамыз. Мен ол кезде "Музартты" да, Мейрамбек Бесбаевты да мүлде білмеймін. 17 жасым еді. Таныстық та, құрбым екеуіміз кеттік", - деді әншінің жұбайы Мархабат.

Сонымен қатар әншінің жұбайы үйіне келін анасынан Мейрамбек Бесбаев жайлы сұрағанын да айтып берді.

"Үйге келіп анамнан "Мейрамбек Бесбаев деген кім" деп сұрадым. Сөйтсем, ол әнші ғой. Жетім ғой. Әке-шешесі жоқ, "Бозторғайды" айтқан бала ғой дейді. Анам "Не болды" деп сұрады. "Таныстым" деп айтсам, анам "Оның әке-шешесі жоқ қой" деді. Сөйтсем, елдің бәрі солай ойлаған екен ғой ол кезде", - деп күлді естелігін бөліскен әншінің жұбайы Мархабат.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мейрамбек Бесбаев ауыр дертке шалдыққан кезін еске алып, жан сырын бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022634-meirambek-besbaevtyn-zubaiy-ansimen-qalai-tanysqanyn-aityp-berdi/