Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкеме көмектесемін деп келдім": Құралай Нұрқаділова психологияға келу себебін мәлім етті

Жарияланған күні:

Құралай Нұрқаділова
Құралай Нұрқаділова. Фото: "Жүрек сөзі" бағдарламасы

Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай Нұрқаділова психологияға келу себебін ашып айтты. Танымал тұлғаның қызы әкесіне көмектескісі келгенін "Жүрек сөзі" бағдарламасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен неге оған (психологияға - ред.) келдім? Менде сұрақтар болды ғой енді. Кім психологияға келді, ол бір жерде құтқарушы рөліне еніп кетті. Мен де психологияға әкеме көмектесемін деп келдім.

Біріншіден, мен дизайнерлікке келдім. Қалай мен танымал боламын? Мен әкем сияқты танымал болайын деп келдім. Содан дизайнер менің мамандығым, мен оны жақсы көремін. Бірақ ол тек құрал ғана болған. Енді психолог ретінде өзім сездім, менде жеңілдік бар. Мен жақсы өмір сүре аламын. Не қалаймын, не қаламайтынымды жақсы білемін.

Мен құтқарушы рөлінен шықтым. Адамға менің кеңесім керек болса, ол маған өзі келеді. Маған білім керек болған. Маған психология қызық болды және маған көмектесті. Менің миссиям - адамдарға көмектесу", - деді Құралай Нұрқаділова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Құралай Нұрқаділованың анасы Заманбек Нұрқаділов туралы бұрын-соңды айтылмаған деректерді бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022641-akeme-komektesemin-dep-keldim-quralai-nurqadilova-psixologiyaga-kelu-sebebin-asyp-aitty/