Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желі арқылы танылған әнші Гүлмира Ізбасқанова екі бөлмелі пәтер алды (видео)

Опубликовано:

Гүлмира Ізбасқанова
Гүлмира Ізбасқанова. Фото: instagram.com/gulmira_izbaskhanova

Көпшілікке желі арқылы танылған жас әнші Гүлмира Ізбасқанова Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер алғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Еңбектің наны тәтті деген осы ғой", - деп жазды Гүлмира Ізбасқанова.

Сонымен қатар әнші пәтерді Алматы қаласынан сатып алғанын да видеода атап өтті.

"Сіздермен бөлісетін жаңалығым бар. Алланың арқасында және халықтың арқасында Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер алдым. Алла шүкір", - деді Гүлмира Ізбасқанова.

Ал желі қолданушылары жас әншінің қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

"Құтты болсын", "Үйдің іші жанға толсын", "Керемет", "Құттықтаймын", "Бізге де жұғысты болсын", "Үйіңіз берекелі болсын", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Гүлмира Ізбасқанова желіде анасымен бірге ән айтып танылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, жас әнші былтырғы жылы көктемде ұзатылатынын айтқан болатын.

Ал кейінірек желіде Гүлмира Ізбасқанованың басына орамал салынған сәттің видеосы тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022730-zeli-arqyly-tanylgan-ansi-gulmira-izbasqanova-eki-bolmeli-pater-aldy-video/

pixel