Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әңгімеміз өзгерді": ұлын екінші рет үйлендірген Ұлықпан Жолдасов пен жұбайы келіні жайлы айтты

Опубликовано:

Ұлықпан Жолдасов
Ұлықпан Жолдасов. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Танымал композитор әрі әнші Ұлықпан Жолдасовтың ұлы биылғы жылдың наурызында екінші рет шаңырақ көтерген болатын. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында келіні жайлы айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында композитордың жұбайы Айған Жолдасова келін түсіргелі қолының ұзарғанын айтып, жан сырын ақтарды.

"Келін түсіріп, қолымыз ұзарып, жүгіміз жеңілдеді. Достарымыздың тәрбиелі келінін, жақсы қыздарды көргенде әрқашан армандап, қызығып жүретінмін. Қол ұзарды деген келінді жұмсап қойып отыру емес. Көңілде бір тыныштық, қуаныш пайда болды. Серуенге келінім мен қызым Фаридамды алып шығып, сырласамыз.

Келініміз де өнер адамы, альтист. Негізі Түркістаннан. Бірақ 1994 жылдан бері Алматыда тұрады екен. Астана операсында ("Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры - ред.) жұмыс істейді. Ол да классикалық музыка шығарады. Магистратура бітірген. Докторантураға түссем деген арманы бар. Ұлықпан екеуінің әңгімесі жарасады. Шай ішкенде мен жайлап өз шаруаммен кетіп қаламын. Өздері әңгімелесіп отырады. Үйге өз адамымыз келді деп ойлаймын", - деді Айған Жолдасова.

Ал Ұлықпан Жолдасов келін түсіргелі бұрынғы әдеттері өзгергенін жеткізді.

"Бұрын басқа қалаға кетіп қалсақ, үйді уайымдайтынбыз. Көбіне Болат үйде қалатын. Сол кезде "Болат не істеп жатыр екен" дейтінбіз. Қазір рахат. Құдайға шүкір, ештеңені уайымдамайсың. Себебі, үйде қарайтын адам бар.

Майка-шортымен жүру қалды. Трико-футболкамен жүреміз. Шарт-шұрт мінезді жайлап тоқтатып жатырмыз. Әңгімеміз өзгерді. Өзімізше, өнегелі болып жүрген сияқтымыз", - деді Ұлықпан жолдасов.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болат екінші рет шаңырақ көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022913-uige-oz-adamymyz-keldi-ulyn-ekinsi-ret-uilendirgen-ulyqpan-zoldasov-pen-zubaiy-kelini-zaily-aitty/

pixel