Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"96 келіге жеттім": әнші Алмас Кішкенбаев артық салмақпен қалай күрескенін айтты

Опубликовано:

Алмас Кішкенбаев
Алмас Кішкенбаев. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Отандық әнші Алмас Кішкенбаев артық салмақ қосқан уақытта бірнеше түсірілімнен бас тартқанын ашып айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген әнші салмағы 96 келіге жеткен уақытты еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Барлық жобаларға шақырту келіп жатыр. Маған әлеуметтік желіде де "Мүмкін сені шақырмайтын шығар. Неге шықпайсың?" деп сұрап жатады. Жоқ. Кейде уақытым болмай қалады.

Кей кезде салмағыма байланысты барғым келмей қалады. Мен 168 см бойыммен 96 келіге жеттім. Сахнаға көмекшілерім итеріп жібереді, домалап шығамын. Диета, интервалдық аштық ұстаймын. 20:00-ден кейін ас ішпеймін.

Қазақ болғасын 18:00-ден кейін қонаққа барасың. Маған тамақ жеуге болмайды деп отырмайсың ғой. Ең болмағанда, нан ауыз тию керексің", - деді Алмас Кішкенбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Алмас Кішкенбаев сахнадан көрінбей кетуінің себебін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022933-96-kelige-zettim-ansi-almas-kiskenbaev-artyq-salmaqpen-qalai-kureskenin-aitty/

pixel