Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күш бергендей": Өзбекстанға ота жасатуға кеткен Жұлдызай Дүйсенбиева кішкентай қызының өзін қалай жұбатқанын айтты

Жарияланған күні:

Жұлдызай Дүйсенбиева студияда
Жұлдызай Дүйсенбиева. Скриншот: "Жетінші" арна

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жақында Өзбекстанда ота жасататынын айтқан болатын. Денсаулығын қалыпқа келтіру үшін шет елге барған өнер иесі қызының өзін сөзбен жұбатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анашым, мен сенімен біргемін. Қорықпа деген Аянаттың сөзі күш бергендей", - деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева Instagram парақшасында.

Айта кетейік, былтырғы жылы көп адамда кездеспейтін сырқаты барын мәлім еткен болатын.

"Миллионның бірінде болатын сырқат. Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады. Сондықтан маған ұшаққа көп отыруға болмайды. Ол емделмейді, менімен бірге кететін сырқат. Аса қауырт болмаса, ұшаққа мінбеймін. Ал енді қауырт кезде ұшаққа мініп, иманымды үйіріп, мінгеннен сүрелерді оқимын. Түскенше ешкіммен сөйлеспеймін, теледидар да көрмеймін, тамақ та ішпеймін", - деген болатын актриса.

Ал жақында өнер иесі ота жасату үшін Өзбекстанға баратынын айтқан болатын.

Сонымен қатар жақында желіде Жұлдызай Дүйсенбиеваның күйеуінен ажырасқаны жайлы ақпарат тарады.

Kyn.kz сайтының мәліметінше, актрисаның күйеуімен ажырасуына қызынан кейін перзент дүниеге әкеле алмауы себеп болған.

"Күйеуіме өкпем жоқ, өте жақсы әке. Бірақ, бұл - өмір. Жан-жағымыздағы әңгімелер шыдатпады. Мен денсаулығыма байланысты Аянаттан басқа перзент өмірге әкеле алмадым. Осы қызыма шүкір дедім. Алла ғұмыр берсін, әркім бақытты болуға лайықты. Ол да, мен де", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023057-kus-bergendei-ozbekstanga-ota-zasatuga-ketken-zuldyzai-duisenbieva-kiskentai-qyzynyn-ozin-qalai-zubatqanyn-aitty/