Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытты болыңыздар": желіде әйелімен видео жариялаған Төреғали Төреәлі көпшілікті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі мен жұбайы Толқын
Төреғали Төреәлі мен жұбайы Толқын. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Отандық әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіге әйелімен видео жариялады. Әншінің әйеліне гүл сыйлаған сәті желідегілерді сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі мен жұбайы Толқынның видеосы әншінің Instagram парақшасында жарияланды.

Видеодан Төреғалидің бес баласының анасына гүл шоғын сыйлап, әйелін құшақтаған сәтін көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің бұл романтикалық сәтіне сүйсініп, жылы лебізін жаудырды.

"Бақытты болыңыздар", "Қандай жарасымды жұп", "Махаббатыңыз мәңгі болсын", "Толқынның аяғы ауыр ма?", "Жұбайыңыз ақылды жан", "Алла ұзақ ғұмыр берсін", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Төреғали Төреәлі "Көлсай көлдері" табиғи паркінде түсірілген "Менің Толқыным" бейнебаянын көпшілікке ұсынған болатын. Ал түсірілім кезінде туындаған жанжалдан көпшілік сол кезде-ақ хабардар болып үлгерді.

Дәлірек айтсақ, өткен жылдың қыркүйек айында Төреғали Төреәлі жас жігітті соққыға жықты деп айыпталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Көп ұзамай ол Бекарыс есімді гидпен ресми бітімге келгенін айтып, көпшілікке үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023109-baqytty-bolynyzdar-zelide-aielimen-video-zariyalagan-toregali-toreali-kopsilikti-suisintti-video/