Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кім төбелеспей жатыр": Төреғали Төреәлі Көлсайдағы оқиғадан кейін гид жігітпен татуласты (фото)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі гид жігітпен
Төреғали Төреәлі гид жігітпен. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Әнші Төреғали Төреәлі Көлсайдағы даулы оқиғадан кейін гид жігітпен татуласқанын мәлім етті. Өнер иесі Instagram парақшасында видеосы желіге тараған жігітпен бірге сурет салған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші әлеуметтік желіде жазба жариялап, өзін қолдағандарға алғыс білдірген.

"Адамзаттың тарихы тыйым еткен жемісті жеймін деп қателесіп, артынша бірден тәубесіне келген Адам атаның тарихынан басталмай ма? Біз де сол ашуланса да, шаттанса да, соңы немен бітерін болжай алмайтын, пайда, зиянды өлшей алмай қалатын пенденің біріміз. Сахнадан көрген адамын періштедей пәк санайтын қазақ халқының таза пейілі ғой. Ал, сол сахнадағы адамның пенделік кем-кетігін көрсе, қалған көңілі қатқан мұздай болатыны да баладай аңғалдығы емес пе?

Халықтың көз алдында өскен адам болғандықтан әр әрекетіміз көпшіліктің назарында болып тұр ғой. Әйтпесе, қай ер азамат шекіспей жатыр? Кімнің аузынан эмоцияға берілген артық сөз шықпай жатыр? Қай қуыста кім төбелеспей жатыр?

“Ер шекіспей, бекіспейді” деп Бекарыс бауырымызбен мәмілеге келдік. Қарапайым адамға да, өнер адамына да ортақ республикамыздың заңымен құзырлы органдардың тексерісінен өтіп, ресми бітімге келдік. Сүрінгенде сүйеу болған, түңілгенде тіреу болған алаш жұртына көп рахмет", - деді Төреғали Төреәлі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Төреғали Төреәлі "Көлсай көлдері" табиғи паркінде жас жігітті соққыға жықты деп айыпталған болатын.

Кейін бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 30 қыркүйекте әншінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды.

Ал бірнеше күн бұрын Төреғали Төреәлінің тергеу изоляторынан кепілдікпен босатылатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991216-mamilege-keldik-toregali-toreali-kolsaidagy-oqigadan-keiin-gid-zigitpen-tatulasty-foto/

pixel