Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қиыншылықтан өттік": әнші Бағлан Әбдірайымов бірінші фильмін түсіріп, шығынға ұшырағанын мойындады

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов
Бағлан Әбдірайымов. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Отандық әнші Бағлан Әбдірайымов көпшілікке екінші фильм түсіріп жатқанын айтты. "Жігіттер" тобының мүшесі алғашқы киносын түсіргенде шығынға ұшырағанын Instagram желісінде баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Маған құмар ойын жайлы өте көп сұрақ келеді. Ол - адамның санасына байланысты. Осы кезге дейін берген сұхбаттарым, "Ақ пен Қара" кітабым", фильмім - бәрі ойдан алынған. Алғашқы кинода аздап шығынға ұшырадым. Оның орнын екінші киномен жабамын деген ниетім бар.

Басқа нұсқа жоқ. Одан кейін де біраз қиыншылықтан өттік. Оны жазбаймын, айтпаймын. Өйткені, алдағы болашағымды тек жақсылыққа толтырғым келеді", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бағлан Әбдірайымов сахнада 20 жыл жүріп әке-шешесінің жағдайын жасауға тырыспағанына күйінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023395-sygynga-usyradym-ansi-baglan-abdiraiymov-birinsi-filmin-tusirip-sygynga-usyraganyn-moiyndady/