"Шошаңдамай, бір бала босанып бер": Алтынай Жорабаева күйеуі жұрттың сөзін қалай қабылдайтынын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты. Өнер иесі қазіргі жұбайының балалы болуға қатысты ел сөзін қалай қабылдайтынын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама барысында әнші қыздарының бір жылға жетпейтін уақытта екінші күйеуін "әке" деп атап кеткенін ашып айтты.
"Ол ең басында "Қыздар мені қалай қабылдайды" деп қорықты. Мен "Махаббатыңды көрсетсең болды" дедім. Ол қатты қорқып, қобалжып жүрді. Бір жылға жетпей үлкен қызым "Сізді әке десек болады ма" деді", - деп жан сырын ақтарды әнші.
Сонымен қатар Алтынай Жорабаева желіде өзіне жазылатын түрлі пікірге күйеуінің қалай қарайтынын да жасырмай баяндап берді.
"Бәрі "Сен шошаңдап жүре бермей, бір бала босанып берсейші" деп жазады ғой. Сонда мен ыңғайсызданып, көңілім түсіп қалады. Күйеуім "Ертең Құдайдың алдына барғанда, неге балаң жоқ деп сұралмаймын. Қыздарға қандай әке болдым, саған қандай жар болдым, сол үшін сұраламын" дейді. Білмеймін неге екенін, түсініктері басқаша", - деп ағынан жарылды Алтынай Жорабаева.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.
Өнер иесі қазіргі жұбайының отбасымен алғаш танысқанда қайын атасының сөзінен соң көзіне жас алғанын айтып берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023894-sosandamai-bir-bala-bosanyp-ber-altynai-zorabaeva-kuieuinin-zurt-sozin-qalai-qabyldaitynyn-aitty/