Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғанып қалдым": қалыңдық көйлегін киген Ақбота-Нұр бейтаныс жігітпен көзге түсті (видео)

Жарияланған күні:

Ақбота-Нұр
Ақбота-Нұр. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Отандық әнші, актриса Ақбота-Нұр әлеуметтік желідгі парақшасында қалыңдық көйлегін киіп, бейтаныс жігітпен түскен видеосын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота-Нұр өзінің Instagram парақшасында бейтаныс жігітпен түскен видеосын жариялады. Бейнежазбадан әншінің қалыңдық көйлегін киіп алғанын көруге болады.

"Әрбір адам өзін бақытты сезінетін жерде жүруі тиіс", - деп жазды әнші.

Актрисаның бұл видеосын көрген желі қолданушылары оған бақыт тілеп, тіпті асықпауға кеңес бергендер де табылды.

"Ақбота, сен бақытты болуға лайықсың", "Кино емес, шын болса екен", "Қызғанып кеттім ғой сені, Ақбота", "Ендігі жар таңдауда асықпашы, балалар кішкентай", "Түсірілімдердің бірі деп білемін", "Бақытты бол", "Жақында тойға барамыз", "Жаным, өзім тұрмысқа шыққандай қуанып, қобалжып кеттім ғой", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2024204-qyzganyp-qaldym-qalyndyq-koilegin-kigen-aqbota-nur-beitanys-zigitpen-kozge-tusti-video/