2000 жылдары көпшілікке танылған Қазақстан жұлдыздары жас кезінде қандай болды
Жарияланған күні:
2000 жылдары сахнаға шығып, халыққа танылған отандық жұлдыздардың сол кездегі келбеті қандай болған? "Жақсы адамдарым" бағдарламасы осыдан 20 жылдан аса уақыт бұрын көпшілікке танымал болған әншілердің жас кезін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова
"1999 жылы "Жас қанатта" Мадинаның жұлдызы жанды", - деді Гүлнұр Оразымбетова.
Айта кетейік, бүгінде Мадина Сәдуақасова 43 жаста. Әншінің бір ұлы бар.
Гүлнұр Оразымбетова
"2000 жылы Алматы қаласындағы студенттер сарайындағы "Жас қанат" байқауына қайта келдім. 1999 жылы өте алмай қалдым. Сол әнді орындап шыққан кезде залда отырған көрермендер, әділ қазылар алқасы орнынан тұрып кеткен сәт болды. Мен әннің құдіреті шығар деп ойладым.
Мына "Қорқыт - қобыз" бейнебаянында аяғым ауыр. Ішімде 7 айлық тұңғышым бар. Бейнебаянды қыркүйекте түсірдік, мен екі айдан кейін босандым", - деді Гүлнұр Оразымбетова.
Айта кетейік, Гүлнұр Оразымбетова бүгінгі таңда 46 жаста. Әнші екі ұл тәрбиелеп отыр.
Тамара Асар
Бағдарлама барысында әншінің "Бұл ән, бұрынғы әннен өзгерек" бейнебаянынан үзінді көрсетілді.
"Бұл бейнебаянда тау жақта орналасқан шеберлер ауылы. Ауылдан жұмысшылар шақырдық. Осы кезде қар жауып кетті. Бейнебаянда ұлым Қамбар бір жасқа толмаған бала ғой. Сәтімен түсірілген бейнебаян болды.
Алғашқы бейнебаяным. Мұның қаражатын ел болып жинап, тойдан жинаған ақшам бар, жұрттың таратып бергені, бір ағамыз қомақты ақшаны көмекке беріп, "Ал, бар" деп ауыл боп шығарып салған еді", - деп еске алды Тамара Асар.
Отандық әнші Тамара Асар бүгінде екі бала тәрбиелеп отырған ана. 46 жастағы әнші бірнеше жыл бұрын қайта тұрмысқа шығып, қыз баласын өмірге әкелді.
Маржан Арапбаева
"Маржанның шашын жоғары көтеріп, екі тісі көрініп тұратын кезін білемін. Екеуіміз бірге оқыдық. Неге айттың деп ұрысатын шығар. Негізі достармыз ғой. Бүгін қолы тимей, келе алмады", - деді Тамара Асар.
Ал бағдарлама жүргізушісі Маржан Арапбаеваның қазір өзгеріп кеткенін айтты.
"Маржан енді жүз градусқа өзгерген ғой", - деді бағдарлама жүргізушісі.
Айта кетейік, бүгінде Маржан Арапбаева 45 жаста.
Алтынай Жорабаева
Алтынай Жорабаева да көпшілікке 2000 жылдары танылған әншініің бірі. Өнер иесі бүгінде төрт қыз тәрбиелеп отыр.
44 жастағы әнші осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты. Өнер иесі қазіргі жұбайының балалы болуға қатысты ел сөзін қалай қабылдайтынын айтып берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025519-2000-zyldary-kopsilikke-tanylgan-qazaqstan-zuldyzdary-zas-kezde-qandai-boldy-foto/