Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қателік болды ғой, несін жасырамыз": Саят Медеуов Төреғали ісіне қатысты пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Саят Медеуов
Саят Медеуов: instagram.com/sayat_medeuov_888/

Танымал әнші Саят Медеуов "Ұйқым келмейді" бағдарламасында есірткіге мас күйде ұсталған әнші Төреғали Төреәлінің әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өнерде жүргеннен кейін кім болсаң да елге тәрбие беретін жолмен жүру керек. Өнер адамысың ба, дұрыс жүру керек. Майда-шүйде қателіктер бола жатар. Бір жерде жаман сөз айтып қоюың мүмкін. Болмаса, ішіп отырған немесе қыдырып жүрген жерде видеоға түсіп қалуыңа болады. Оған кешіріммен қарауға болады. Мен оған келісем.

Бірақ енді бұл жерде сәл қателік болды ғой, оның несін жасырамыз? Оны жақтап жатқан өнер адамдары да бар. Меніңше, әр нәрсеге байыппен қарауымыз керек. Сонымен айналысып отырған тиісті мамандар бар. Солар шешіп, солар осыған жауап беруі керек деп ойлаймын.

"Ойбай, кешіріммен қарау керек" деп айтудан аулақпын. Өнерде жүргеннен кейін елге үлгі болатындай дұрыс жолмен жүру керек. Қайсымыз да жүруіміз керек", - деді Саят Медеуов.

Еске салайық, күні кеше әлеуметтік желіде Lexus көлігі жүргізушісінің ұсталған сәті тарап кетті. Оқиға куәгерлері ұсталған азаматты қазақстандық танымал әнші екенін айтуда. Ал кейінірек бұл ақпаратты полиция растап, мәлімдеме жасады.

Ал кешірек әнші Төреғали Төреәлінің 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Осыдан соң әншінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025751-qatelik-boldy-goi-nesin-zasyramyz-sayat-medeuov-toregali-isine-qatysty-pikir-bildirdi-video/