"Қолдан келсе, алу керек": Саят Медеуов ұлттың болашағы үшін тоқал алу керектігін ескертті
Жарияланған күні:
Саят Медеуов қазақ халқының санын көбейту үшін ер адамдар тоқал алуы керек деген пікірде. Бұл туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қолдан келсе, алу керек. Бұған қарсымын деп айта алмаймын. Қолдан келсе, асырай алса, кез келген ұлтқа қазақтың қаракөз қыздарын бергеннен гөрі, қазақтың азаматтары алып, асырап, дүниеге қазақ деген ұлтты әкелу керек деп ойлаймын.
Өз елімізге, өз жерімізге пайдамызды тигізу керек. Ең болмағанда - қазақ қыздарын асырау керек шығар. Балаларға мемлекеттік тұрғыдан үлкен қаражат бөлінуі керек деп ойлаймын. Сол кезде ғана біздің ұлтымыздың саны көбеюі мүмкін.
Сөзімді іспен дәлелдейін, дәлелдемейін, жеке басымдағы проблема болғандықтан, айту міндет емес деп ойлаймын. Бірақ мен бұған қарсы емеспін. Себебі бұл керек дүние", - деді әнші.
Айта кетелік, бұған дейін Саят Медеуов өнердегі інісі Төреғали Төреәлінің басындағы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, мұны қателік деп санайтынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025801-qoldan-kelse-alu-kerek-sayat-medeuov-ulttyn-bolasagy-usin-toqal-alu-kerektigin-eskertti/