"Хиджаб кию бір бөлек": Кәмшат Жолдыбаева не үшін орамал тағып жүргенін айтты (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Кәмшат Жолдыбаева көпшілік көкейінде жүрген сауалға жауап берді. Әнші Instagram парақшасында не үшін орамал тағып жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желі қолданушысының бірі Жолдыбаеваға "Орамалды жиі тағатын болыпсыз. Жарасады. Әдемісіз, осылай жүріңізші", - деп жазған.
Ал әнші орамалды киімге жарастырып таққанды жақсы көретінін айтты.
"Соңғы кезде неше түрлі орамалды көйлекке, киімге жарастырып таққанды жақсы көремін. Білмеймін, мүмкін ішімде болып жатқан өзгерістерден бе екен? Солай болып жатыр. Бірақ, сіздерден теріс пікір болғанын қаламаймын.
Өйткені, хиджаб кию бір бөлек. Орамал тағудың ежелден келе жатқан үрдісі бар. Әйел табиғатын одан сайын аша түсетін киім бөлшегі ретінде тағып жүрмін", - деді Кәмшат Жолдыбаева.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының басында желіде отандық әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салғаны жайлы ақпарат тараған болатын.
Ал әншінің ұзатуынан кейін бірнеше күн өткенде Кәмшат Жолдыбаеваның басына ақ орамал салған сәттің видеосы пайда болды. Кәмшат Жолдыбаева отандық актер Ғазрет Қажымұқанұлының үйіне келін болып түскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026374-xidzab-kiyu-bir-bolek-kamsat-zoldybaeva-ne-usin-oramal-tagyp-zurgenin-aitty-video/