Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлінің бостандықта көлік жүргізіп жүргені рас па: желіде тараған ақпаратқа полиция жауап берді

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Алматы қалалық полиция департаменті қазір қамауда отырған әнші Төреғали Төреәліге қатысты желіде тараған ақпаратқа жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, әлеуметтік желіде көлік айдау құқығынан 7 жылға айырылған әнші Төреғали Төрәлінің көлік жүргізіп бара жатқаны туралы ақпарат тараған.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.

"Әнші әкімшілік жазасын өтеп жатыр, оның көлік жүргізіп жүргені туралы ақпарат жалған", - деп хабарлаған агенттікке Алматы қалалық полиция департаментінен.

Еске сала кетсек, 14 маусымда әлеуметтік желілерде Алматыда жол бойында полция қызметкерлерінің Lexus көлігінің жүргізушісін ұстаған сәтінен видео тараған еді. Куәгерлер ұсталған азаматтың танымал әнші Төреғали Төреәлі екенін байқаған.

Кейін Алматы қаласының полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, полиция қызметкерлері Майлин көшесінің бойында А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінген. Яғни, ол агрессивтілік танытып, полицияның заңды талаптарына бағынбай, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтірген. Сондай-ақ ұсталған орнынан қашып кетпек болған.

Полицейлер құқық бұзушының жолын бөгеп, оны ұстап, медициналық тексеруге алып барған. Сараптама қорытындысы бойынша оның есірткіге мас күйде екендігі анықталған.

Бұл жайттан кейін Төреғали Төреәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Кейін әншінің қамау мерзіміне тағы үш күн қосылды.

Ал кеше, 3 шілдеде өнер иесі ӘҚБтК-нің тағы екі бабы бойынша кінәлі деп танылып, қамаудағы мерзімі тағы 15 тәулікке созылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027445-toregali-torealinin-bostandyqta-kolik-zurgizip-zurgeni-ras-pa-zelide-taragan-aqparatqa-policiya-zauap-berdi/

pixel