Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жайдарманшы Марат Достаев өзі туралы: өмір мен сахнада екі түрлі адаммын

Опубликовано:

Марат Достаев
Марат Достаев. Фото: Instagram / @marat_dostayev

Жайдарманшы әрі актер Марат Достаевтың айтуынша, мектеп кезіндегі толықтығынан туындаған комплексі университет кезінде жоғалған. Бұл туралы ол журналист Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жайдарманшыдан қазір қандай комплекстері бар деп сұрағанда, ол бүгінде ешқандай комплекс жоқ деп жауап берді.

"Мектеп кезінде ұялғанмын, университет кезінде ұялмайтынмын. Өзімді солай қабылдадым, болды. Біреулері тола алмай жүр, біреулері арықтай алмай жүр ғой. Менде ондай бір комплекс жоқ. Мен үшін толықтық, семіздік - бәрі бір сөз сияқты болып көрінеді. Біреулері сен семіз емессің, сен толықсың деп айтады ғой.

Айырмашылығы жоқ деп ойлаймын. Бәрі синоним сөз. Түбінде сен одан арық болып қалмайсың ғой. 15 келіге арық болып қалмасаң, былай арықтап қалмайсың, сондықтан бәрі де бір сөз деп ойлаймын. Онда тұрған еш нәрсе жоқ", - деді ол.

Ал достары Марат Достаев өмірде және сахнада екі түрлі адам екенін және шынтуайтында ұялшақ екенін айтты. Алайда жайдарманшының сөзінше, бұл қате пікір.

"Өмір мен сахнада екі түрлі адаммын әрине. Бірақ ұялшақ дегенге келіспей тұрмын... Достарымның ұялшақ дегенді білмеймін қайдан шығарғанын", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін танымал актер әрі әзілкеш Марат Достаев өзінің қауіпті дертпен күрескен кезін еске алғаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028323-zaidarmansy-marat-dostaev-ozi-turaly-omir-men-saxnada-eki-turli-adammyn/

pixel