Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Босанған сәтте Әли қасымда болды": Ақерке Бүркітбай күйеуінің ерекше қолдауы туралы айтты

Опубликовано:

Ақерке Бүркітбай
Ақерке Бүркітбай: instagram.com/akerkeburkitbay

Әнші Ақерке Бүркітбай босанған сәтте күйеуі Әли Оқаповтың көмегі зор болғанын айтты. Бұл туралы Момский әңгіме подкастына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Толғақ басталып, босанатын уақыт жақындағанда Әлиді палатаға жібергенмін. Бұл кезде Әли қасымда болады деген ой болған жоқ. Толғақ кезінде көмектескені жақсы шешім болды.

Бала босанған соң, палатада қолына алады деп ойлағам. Бәрі жайында қалды. Дәрігердің айтқанын жасаймын, бірақ ештеңе дұрыс шықпайды.

Сол кезде дәрігер: "Әлиді шақырыңдар" деді. "Ол толғақ кезінде көмектесті. Қазір ол Әлиді тыңдайды", - деді. Кейін Әли келді. Ол дәрігердің айтқанын маған адами тілмен түсіндіріп отырды. Төбе жағымда тұрды.

Сиқырлы сәт болды. Ол бәрін мен үшін түсінікті тілмен айта бастады. Әли ғана маған қазақша түсіндіріп тұр да, қалғандары жатпланеталық тілде сөйлеген сияқты сезілді. Содан кейін баламыз дүниеге келді", - деді Ақерке Бүркітбай.

Еске салайық, сұхбат барысында Ақерке қайын енесі Роза Рымбаеваның өзіне қалай күтім жасағанын да баяндаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2028347-bosangan-satte-ali-qasymda-boldy-aqerke-burkitbai-kuieuinin-erekse-qoldauy-turaly-aitty/

pixel