Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұлдыз болып кеткенсің бе": Еркеш Хасен өзіне ренжитін достарына жан сырын ақтарды (фото)

Опубликовано:

Еркеш Хасен
Еркеш Хасен. Скриншот: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

Отандық жас әнші Еркеш Хасен қуанышына шақырып, бармаған жағдайда өкпелейтін достарына жан сырын ақтарды. Өнер иесі Instagram парақшасында қазір жалғыз еместігін, продюсері барын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті, достар! Бәріне бір айтайыншы. Менің қазір продюсерім бар. Баяғыдай өз-өзіме басшы емеспін. Соны дұрыс түсініңіздер. Сахнада жалғыз тұрғаныммен, сахна артында еңбектеніп жатқан үлкен штат, команда бар.

Бір қуанышқа шақырып, ол жерге бармасам, "Жұлдыз болып кеткенсің бе?" дейтін әңгімені естігесін жазып отырмын. Бір-бірімізді көтермелеп, дұрысынан түсінейікші", - деді Еркеш Хасен.

Айта кетейік, осыған дейін Еркеш Хасен отбасылық құпиясын бөлісіп, анасынан жеті айлығында айырылғанын баяндап берген болатын.

Еркеш Хасен сторис
Еркеш Хасен сторис. Скриншот: instagram.com/erkesh.khasen

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029025-zuldyz-bolyp-ketkensin-be-erkes-xasen-ozine-renzitin-dostaryna-zan-syryn-aqtardy-foto/

pixel