Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқа көйлек киген Ақбота Сейтмағамбет желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Ақбота Нұр
Ақбота Сейтмағамбет. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Отандық актриса әрі әнші Ақбота Сейтмағамбет Instagram желісінде жаңа суретімен таңғалдырды. "КешYOU" тобының бұрынғы мүшесі оқырмандарының қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бәрі біз ойлағандай болса ше?", - деп жазды актриса.

Өнер иесінің жаңа суреті желі қолданушыларының бәрінің көңілінен шыға қоймады. Актрисаның кей оқырмандары оның Меккеге барып келгенін есіне салды.

"Қажылыққа барып келгенің қайда қалды?", "Әдемісіз", "Мына суретің ұнамады", "Өзің жайлы жақсы ойлайтын адамдардың ойын бұзба", "Көркіңе ақылың сай қызсың. Көптің бірі болмашы, сенсіз де жетіп жатыр", - деп пікір қалдырды желідегілер.

Айта кетейік, Ақбота Сейтмағамбет отандық әнші әрі актриса. Ол өнер жолын 2015 жылы KeshYou тобынан бастады. Ақбота Сейтмағамбет актер Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығып, бүгінде бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр. Жұлдызды жұп 2020 жылы ажырасып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029277-qysqa-koilek-kigen-aqbota-seitmagambet-zelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/

pixel