Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп ойландырады": Салтанат Бақаева сыннан қорқатынын айтты (видео)

Опубликовано:

Салтанат Бақаева
Салтанат Бақаева. Фото: instagram/saltanat_bakayeva

Отандық әнші Салтанат Бақаева сырт көздің өзі жайлы не ойлайтыны көп алаңдататынын айтты. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Анна Данченко әншіден "Әріптестеріңіз арасында сахнаға шықса да, фотосессия жасаса да, тойға шықса да ерекше образды, эксперимент жасауды жақсы көретіндер бар. Сізде тұрақтылық байқалады. Өзгеріс байқалмайды. Өз ұстанымыңыз ба? Неге эксперимент жасап көрмеске? Әлде сыннан қорқасыз ба?", - деп сұрады.

Ал Салтанат Бақаева өзі жайлы сырт көздің не ойлайтыны көп алаңдататынын жасырмады.

"Экспериментке ашықпын. Фотосессия кезінде эксперимент жасаймын. Ал сахнаға келгенде, маған болмайтын сияқты. Қысылмаймын. Мүмкін, сыннан қорқамын. Ойланып қарасам, сырт көздің мен жайлы не айтатыны, не ойлайтыны көп мазалайды екен.

Бұл дұрыс па, дұрыс емес пе, білмеймін. Өз басым бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Өзім қалай ойлаймын, сол дұрыс емес пе? Дегенмен, басқалар не ойлап қалады екен, басқалар не істейді екен деген сұрақтар мені көп ойландырады", - деді Салтанат Бақаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029356-kop-oilandyrady-saltanat-baqaeva-synnan-qorqatynyn-aitty-video/

pixel