Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал актер Еркебұлан Тоқтар әкесіне су жаңа көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар. Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

Отандық актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар әкесіне су жаңа көлік алып берді. Өнер иесі бұл қуанышын Instagram парақшасында көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға шүкір! Бүгін әкемді қуантуға нәсіп етіпті", - деп жазды Еркебұлан Тоқтар.

Сонымен қатар актер видеода "Әкеме бүгін бір сыйлық жасайын деп тұрмын. Әкемнің менің көлігіме қызығып қалғанын көрдім. Бірге сыйлайық", - дейді.

Ал желі қолданушылары Еркебұлан Тоқтардың бұл ісіне сүйсініп, жылы лебізін жаудырды.

"Жарайсыз", "Керемет", "Құтты болсын", "Бөлексің", "Осы көлікке немерелер толсын", "Енді келін әкелу қалды", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, актердің әкесіне сыйға тартқан Hyundai Palisade темір тұлпарының нарықтағы бағасы - 27 млн теңгеден басталады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Еркебұлан Тоқтар жар таңдауда қыздарға қандай шарт қоятынын айтып, желіде қызу талқыға түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029547-tanymal-akter-erkebulan-toqtar-akesine-su-zana-kolik-syilady-video/

pixel