Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағы да тұрмысқа шықпақ болдым": продюсер Алуа Қонарова жан сырын бөлісті (видео)

Опубликовано:

Алуа Қонарова
Алуа Қонарова. Фото: instagram.com/aluakonarova

Отандық продюсер Алуа Қонарова қайта тұрмысқа ниеттенген кезін еске алды. Бұл жайлы продюсер Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желі бұл видеоны өзі дайындап берді. Айтпақшы, мен бұл жерде тағы да тұрмысқа шықпақ болдым. Алайда соңғы сәтте ойланып қалдым. Суретті сол адам түсірген еді", - деді Алуа Қонарова.

Ал желі қолданушылары продюсерге бар жақсылықты тілеп, жылы лебіз білдірді.

"Сіз бақытқа лайықтысыз", "Ол адам суретке жақсы түсірген екен", "Тұрмыстасыз ба, жоқ па ол маңызды емес. Бастысы, сіз тамаша адамсыз", "Алуа, әп-әдемісің, ақылдысың, еңбекқорсың. Бақытты болуға лайықты жансың. Өзіңнің арманыңдағы ер азаматың кездеседі. Анаңа жасаған қамқорлығың мен анаңның ақ батасы қабыл болып, әлі-ақ өз арманыңа жетесің", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Алуа Қонарова балалы бола алмаған айтып, жан сырын ақтарған еді. Сондай-ақ ол бала асырап алуға тырысқанымен, онысы нәтижесіз болғанын да жасырмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029553-tagy-da-turmysqa-syqpaq-boldym-prodyuser-alua-qonarova-zan-syryn-bolisti-video/

pixel