Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала лақап атымен танымал Ninety one тобының мүшесі мұрынына ота жасатқанын мәлім етті

Опубликовано:

Данияр Құлымшы
Данияр Құлымшы. Скриншот: Тимур Балымбетовтің бағдарламасы

Ninety one тобының мүшесі, көпшілікке Бала лақап есімімен танымал Данияр Құлымшы алғаш рет сұхбат беріп, ел білмейтін құпиясын бөлісті. Өнер иесі Тимур Балымбетовтің бағдарламасында мұрынына ота жасатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"25 жасыма дейін мұрынымның пішіні қисық болды. Бұл кішкентай кезімнен үлкен бір арманым еді. Өйткені, мұрынымның пішіні қисық болған соң ауа алмасу дұрыс жүрмеді. Ән айтуға кедергі болды және оттегі жетіспеуі секілді мәселелер мазамды алатын. Ота сәтті өтті. Дәрігер отаның сәтті өткенін айтты. Уақыт өте бәрі емделіп кетті", - деді Данияр Құлымшы.

Сонымен қатар Бала мұрынының қисаюына не себеп болғанын да атап өтті.

"Менің есімде бір сәт бар. Өте кішкентай кезімде Ақтөбеде өзіммен қатар баламен төбелесіп қалдым. Мен құлағанда, ол менің мұрынымнан ұра берді. Содан болуы мүмкін деп ойлаймын.

Біраз жыл өткеннен кейін емделуге барғанда аденоид, аденома, ісік деді. Неше түрлі айтты. Емдеп көргенмен, нәтиже болмады. Алматыға көшіп келгеннен кейін маманға тексерткенде, мұрынымның пішінін түзету керектігін айтты. Бірақ ол үшін 23 жасқа толуым керектігін ескертті", - деп жан сырын ақтарды Данияр Құлымшы.

Айта кетейік, Ninety one - жанкүйерлердің жүрегін жаулаған Q-pop бағытындағы алғашқы қазақстандық топ. Топ ұжымы 2015 жылы "Айыптама" әнімен дебют жасап, өздерін көпшілікке таныстырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2029595-ninety-one-tobynyn-musesi-bala-murynyna-ota-zasatqanyn-malim-etti/

pixel