Тәуекел Мүсілімнің отбасылық видеосы көпшілікті сүйсінтті (видео)
Жарияланған күні:
Актер Тәуекел Мүсілім екі ұлымен және әйелімен түскен видеосын желіде бөлісті. Өнер иесінің отбасылық видеосы көпшілікті сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бақытты күндер көп болсын. Отбасы, махаббат", - деп жазды Тәуекел Мүсілім Instagram парақшасында.
Ал желі қолданушылары бүгінгі таңда екі балалы болып үлгерген актер мен жұбайына жылы лебізін жаудырды.
"Бақытты болыңыздар", "Тіл-көзден сақтасын", "Керемет отбасы", "Сіз екі балалы боп үлгергенсіз бе? Уақыт қалай жылдам", "Жарасымды жұп", "Аман болыңыздар", "Айтөре өсіп қалыпты", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, 2022 жылы Тәуекел Мүсілімнің екінші ұлы дүниеге келді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тәуекел Мүсілім әйелімен арадағы түсініспеушіліктер жайлы айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030653-tauekel-musilimnin-otbasylyq-videosy-kopsilikti-suisintti-video/