Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әнші Бота Бейсенова төрт айда қалай 25 келі салмақтан арылғанын айтты

Опубликовано:

Ғани мен Бота әншілер
Ғани мен Бота. Фото: instagram.com/bota_beisenova_

Отандық жұлдызды жұп Ғани Жүнісов пен Бота Бейсенованың шаңырақ көтергеніне 28 жыл болған. Әнші Бота қызын босанғаннан кейін 25 келі салмақтан қалай арылғанын "Қызықты weekend" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қызымды босанғаннан кейін салмағым 100 келіге жетті. Содан диета ұстап көріп едім, көмектеспеді. Ол кезде ақпарат аз. Содан кәсіби диетологқа барып, төрт айдың ішінде 25 келі салмақ тастадым.

Кейін екі суретті салыстырып, әлеуметтік желіге салғанымда әйелдер шулап кетті. Басты қағида - дұрыс тамақтану. Күнделікті ағзаға зиянсыз, пайдалы тамақты тұтыну. Байқасам, біз су ішпейді екенбіз. Айналып келіп шай ішеміз, газды сусын пайдаланамыз. Таза суға жетпейді екен. Адам таза судан тазарады екен. Сонымен қатар ас мәзірінен бүкіл зиянды тағамды алып тастау керек", - деді Бота Бейсенова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ғани Жүнісов пен Бота Бейсенова алғаш рет қалай танысқанын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2030659-otandyq-ansi-bota-beisenova-tort-aida-qalai-25-keli-salmaqtan-arylganyn-aitty/

pixel