Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жас емес екенімді мойындаймын": Бағым Мұхитденова Tik-Tok арқылы танылған әншілер туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Бағым Мұхитденова
Бағым Мұхитденова. Фото: instagram.com/bagym_m

Осыдан 5-10 жыл бұрын шоу-бизнес жаңалықтары мен трендінен Бағым Мұхитденованың музыкалық жетекішілігіндегі әнші қыздар мен жігіттер түспейтін. Соңғы жылдары олардың шығармашылығында тыныштық орнағандай. Осы ретте KAZ.NUR.KZ тілшісі музыкалық продюсермен сұхбат құрып, соңғы жаңалықтары, жоспары мен қазіргі шоу-бизнеске қатысты ой-пікірін сұрады.

Бағым Мақсатқызы, сұхбатымызды сіздің жаңалықтардан бастайық. Қазір музыкалық продюсер ретінде кімдермен жұмыс жасап жүрсіз?

- Егер жас әншілерді сұрасаңыз - ешкіммен. Олардың бағыттары да, жолдары да, мақсаттары да бөлек. Мен және менің командам қазір тек телеарнадағы музыкалық жобаның жетекшісі ретінде жұмыс жасап жүрмін. Және өзіміздің орталықтың қыздарымен жұмыс жасаймын.

Продюсерлік орталықтың бетке ұстайтын жобасы - KeshYou. Алайда қыздар қазір тоқырау үстінде сияқты. Бұрынғы алтын құрамдағыдай танымалдылық неге жоқ?

- Негізі KeshYou тобы 2006 жылы сәуірде құрылған еді. Қаншама қыздар келіп, қаншама қыздар топтан кетті. Бірақ, сол кеткен қыздар тіпті шоу-бизнестен кетсе де, көрерменнің есінде. Мұндай 17 жыл сахнадан өзін жоғалтпаған топ жоқ. KeshYou шоу-бизнестегі тұрақтылық жағынан жалғыз топ. Топтың әр қызы қазақ шоу-бизнесінің тарихында сақталады. Ал сіздің сұрағыңыздың жөні бөлек. Иә топтың соңғы құрамы аса танымал емес. Себебі олар тура карантин уақытына тап болды. Бұл уақытта талғам да, таңдау да өзгерді.

Яғни карантиннен кейін трендке айналу қиынға соғуда ма?

Иә, қазір біріншіден, бұрынғыдай Girls band-терге (қыздар тобы) сұраныс жоқ. Екіншіден, карантин жаңа толқынды әкелді. Енді бұрынғыдай әдемілік, фигура, бойдың ұзындығы, дауыс деген нәрселер маңызды емес. Тек уақытша музыкалар тез трендке айнатуда. Қазір тіпті әуеннің екі жолы әдемі болып, тренд болса жұлдызыңыздың жанғаны. Бірақ, талғам өзгерді деп қол қусырып отырған жоқпыз. Бізде топты заманға сай дайындаудамыз.

Ал KeshYou-дің соңғы әні қаншалықты Tik-Tok-та тренд болады деп күтілуде?

Оны мен білмедім. Себебі мен ол әлеуметтік желіде белсенді емеспін. Мүлдем қолданбаймын. Ол жастардың әлемі, ал мен өзімнің жас емес екенімді мойындаймын.

Жалпы жастардың арасында тренд әншілерден кімдерді танисыз және тыңдайсыз?

Бірінші блогер болып, Instagram-мен жұмыс жасап, оқырманы көбейген соң ән жазатын жастар көп. Бірақ олардың ғұмыры ұзаққа бармайды. 1-2 хиттен соң ұмытыла бастайды. Бұл бұрыннан бар. Ол да болу керек. Бәсеке бар жерде өсу болады. Бірақ мен жастарды танымаймын және тыңдамаймын. Ешкімнің шығармашылығына ешқандай баға бере алмаймын.

Сіздер шоу-бизнестегі сапа үшін жұмыс жасап жүргенде, кейбірі Tik-Tok- та трендке айналып, тез танымал болып кетеді. Сол кезде іштей "бұл әділетсіздік" деген ой болмай ма?

Жоқ, кезінде біздің топтарымыз, әншілеріміз де талай өнер тарландарын басып озды. Ал қазір бізді жағаға итеріп тастайтын жаңа толқын пайда болды. Бұл - заңдылық. Ол заңдылыққа өкпелейтіндер комплекске толы жандар шығар. Бізде ешқандай комплекс жоқ. Сол себепті өзгелерді сынап, өкпелемейміз.

Сұхбаттасқан Жанар Тайырқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031005-zas-emes-ekenimdi-moiyndaimyn-bagym-muxitdenova-tik-tok-arqyly-tanylgan-ansiler-turaly-pikir-bildirdi/

pixel