jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Әкемнің көрмей кеткен арманы": отандық блогер анасына пәтер сыйлады (видео)

    Әлішер Қонысбаев анасымен
    Әлішер Қонысбаев анасымен. Фото: instagram.com/alisher_konysbaev

    Отандық әнші әрі блогер Әлішер Қонысбаев анасына пәтер алып берді. Ол Instagram парақшасында қуанышын бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Аллаға шүкір, анама үй сыйладым. Әкемнің көре алмай кеткен арманы еді. Анашым, енді уайымдамаңыз. Менің кезегім келді. Сіздерге жұғысты болсын", - деді Әлішер Қонысбаев.

    Видеода блогердің анасы көзіне жас алып, баласына батасын берді.

    "Сөзім жоқ енді... Алғысым шексіз. Бауырларыңа қамқор бол! Мен сенімен мақтанамын. Бақытты бол! Аман бол! Адал жар кездессін", - деді Қонысбаевтың анасы.

    Ал желі қолданушылары блогердің бұл ісіне сүйсініп, жылы лебізін жаудырды.

    "Керемет", "Жұғысты болсын", "Жарайсың", "Үйдің іші бақытқа толсын", "Берекелі үй болсын", - деп жазды желідегілер.

    "Әкемнің көрмей кеткен арманы": отандық блогер анасына пәтер сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.