Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының туған күніне орай челлендж ұйымдастырды (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: Vyacheslav Prokofyev\TASS via Getty Images

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, челлендж ұйымдастырды. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш оқырмандарынан Абайдың бір өлеңін оқып, оны видеоға түсіруді сұрады.

"Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың туған күніне орай челлендж бастаймын және оны барша жанкүйерлеріме таратамын. Абайдың кез келген өлеңін оқып, видеоны #Abaychallange хештегімен орналастырсаңыз болғаны", - деп жазды Димаш.

Сонымен қатар Димаш Құдайберген видеода Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін жатқа оқыды.

Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы (шын есімі Ибрагим - ред. ) 1845 жылы 29 шілдеде (жаңаша 10 тамызда) ақсүйек отбасында дүниеге келген. Ол арғын тайпасының ішінде тобықты руынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031735-dimas-qudaibergen-abai-qunanbaiulynyn-tugan-kunine-orai-cellendz-uiymdastyrdy-video/

pixel