"86 жас оңай емес": Бүркіт қолына көшіп келген әкесінің Алматыға әрең үйреніп келе жатқанын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Бүркіт жақында сексеннен асқан ата-анасын Алматыға, өз қолына көшіріп алған болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында әкесінің жаңа қалаға әрең үйреніп келе жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Мінекей, әкеміз бен шешемізге Алматыдан үй салып, осында көшірдік. Өз қолымызға алдық. Әкем Алматыға әрең үйреніп келе жатыр. Бірақ, кейбір кезде "Ауылға кеттік" деп қояды. 86 жас деген оңай емес", - деп жазды Бүркіт.
Видеодан әншінің әкесінің бассейнге суға түсіп жүргенін байқауға болады. Осы сәтті Бүркіт видеоға түсіріп, көпшілікке бөлісті.
Айта кетейік, осыған дейін де Айбек Жансейітов әкесі мен шешесі Алматыға көшуге әрең келіскенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2031831-86-zas-onai-emes-burkit-qolyna-kosip-kelgen-akesinin-almatyga-aren-uirenip-kele-zatqanyn-aitty-video/