Димаш Құдайберген 11 жасында ән айтқан сәтінен естелік видеосын бөлісті (видео)
Жарияланған күні:

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген көпшілікке 11 жасында ән орындаған кезін көрсетті. Өнер иесі видеосын Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Абай атамыздың "Көзімнің қарасы" әнін 11 жасымда орындаған сәтімнен естелік. Ақтөбе қаласы облыстық филармония жанынан құралған музыкалық "Саз" балалар мектебінің оқушысы", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Ал желі қолданушылары бала Димаштың талантына тәнті болды.
"Дауысыңыз керемет", "Аман жүр, Димаш", "Тұла бойы тұнған талант", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, осыған дейін Димаш Абай Құнанбайұлының мерейтойы қарсаңында челлендж жариялаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2032080-dimas-qudaibergen-11-zasynda-an-aitqan-satinen-estelik-videosyn-bolisti-video/