Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фариза Ескермес қашан тұрмысқа шығатынын айтты

Опубликовано:

Фариза Ескермес сүйіктісімен
Фариза Ескермес сүйіктісімен. Фото: instagram.com/yeskermes_fariza_life

Көпшілікке "Джейран" тобы арқылы танылған әнші Фариза Ескермес қашан тұрмысқа шығатынын айтты. Өнер иесі Instagram желісінде оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі әншіден "Қашан тұрмысқа шығасыз?", - деп сұраған.

Ал Фариза Ескермес дәл қазіргі сәтте бақытты екенін айтты.

"Негізі мұндай сұрақ қойылмауы керек. Бұйырған күні тұрмысқа шығамын. Ал тұрмысқа шығу бұйырмаса, жалғыз қалудан қорыққан емеспін. Дәл қазір бақыттымын", - деді Фариза Ескермес.

Айта кетейік, осыған дейін Фариза Ескермес көпшілікке сүйіктісін таныстырған болатын.

"2022 жыл керемет болды, алғысым шексіз. Ал 2023 жылды сенімен қарсы алатыныма қуаныштымын, көккөзім. Алла қаласа сенімен мәңгі біргемін", - деп жазған болатын Фариза Ескермес.

Фариза Ескермес сторис
Фариза Ескермес сторис. сКРИНШОТ: instagram.com/fariza_yeskermes

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2032137-fariza-eskermes-qasan-turmysqa-sygatynyn-aitty/

pixel