Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лондоннан ұшып келген Айгүл Иманбаева марқұм әкесінің жетісін өткізді

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva/

Лондонда білім алып жатқан Айгүл Иманбаева әкесінің қазасына байланысты Қазақстанға келді. Бұл туралы әншінің желдегі парақшасында белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Иманбаеваның марқұм әкесінің жетісін өткізіп жатқанын радиожүргізуші Гүлмира Нәлібай хабарлады.

"Айгүл Иманбаева Лондоннан таңертең ұшып келіп, әкеснің жетілігін өткізіп жатыр. Роза апай жұбату сөзін айтып, көңілді босатты", - деп жазды жүргізуші.

Айта кетелік, Айгүл Иманбаеваның әкесі 73 жасында көз жұмды. Әнші әкесі жайлы жан тебірентер жазба қалдырған болатын.

"Кеше ғана тауып, жанында өзімді кішкентай Айгүл сезініп, балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап, 46 жасымда әкемнің жанында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Маған Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады. Сіңілім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем ішінде қалған ренішті кешіріп, енді ғана әдемі сыйластық басталған еді. Үзілді…", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2032379-londonnan-usyp-kelgen-aigul-imanbaeva-marqum-akesinin-zetisin-otkizdi/

pixel