Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аман-есен бауырыңа ал": Ләйлә Сұлтанқызы Ерке Есмахан мен Раимды құттықтады (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Кадр из видео: youtube.com

Әнші Ерке Есмахан күні кеше сүйінші сұрап, көпшілікке бейнебаяны арқылы аяғы ауыр екенін жеткізген болатын. Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жұлдызды жұпқа тілегін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ерке, аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал. Өздеріңе шығармашылық табыс тілеймін", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, ерлі-зайыпты Раим мен Ерке Есмахан көпшілікке алғашқы бірге орындаған әндерін ұсынды. "Бұл махаббат" деп аталатын әннің бейнебаянынан Ерке Есмаханның аяғы ауыр екенін көруге болады.

"Сүйінші", - деп жазды Ерке Есмахан.

Ал Youtube желісінде бейнебаянды көргендер бұл жаңалыққа қуанышты екендерін жеткізді. "Бұл не деген қуаныш, бұл не деген бақыт", "Керемет, сіздерді жақсы көремін", "Жарайсыздар", "Бөпеңізді аман-есен қолыңызға алыңыз", "Еркеге аяғы ауыр болған күшті жарасады, көзімнен жас шығып кетті", - деп жазуда желідегілер.

Ләйлә Сұлтанқызы сторис
Ләйлә Сұлтанқызы сторис. Скриншот: instagram.com/sultankyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033921-aman-esen-bauyryna-al-laila-sultanqyzy-erke-esmaxan-men-raimdy-quttyqtady-foto/

pixel