Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сатқындық жасады": әнші Ayree екі жыл кездескен сүйіктісі жайлы айтты

Опубликовано:

AYREE
AYREE. Фото: instagram.com/ayreeofficial

Отандық әнші Ayree ер адаммен кездеспес бұрын оған тағдыры жайлы, ұлы жайлы жасырмай айтатынын баяндап берді. Динара Сәтжанға сұхбат берген әнші көңілін тапқысы келетін жігіттердің көп екенін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол екі жыл бойы өнер адамымен кездескен. Ер адам сатқындық жасап, жүрегін жаралағаннан кейін Ayree екі жыл күйзелісте жүргенін жеткізді.

"Мен біреумен кездеспес бұрын барлығын ашық айтамын. Ол адамның менің тағдырым жайлы білгенін қалаймын. Уақытты құр өткізгім келмейді. Одан "Жауапкершілік алуға дайынсың ба?" деп млн рет сұрадым. Маған қолдау білдіретін, отбасы болатын адам керек. Шынымды айтсам, менің көңілімді тапқысы келетін жігіттер көп. Әйгеріммен емес, Ayree-мен кездескісі келетіндер көп.

Менің сезімдерімді талқандап кеткен қарым-қатынасты бастан өткердім. Ол менің өзім жайлы көпшілікке айтқанымды қаламады. Ол мені ұнатқанымен, басқа дүниелерді қабылдай алмады. Мен мұны кеш түсіндім. Мұны маған сатқындық жасап, қорлап, жүрегімді жаралағаннан кейін ғана түсіндім. Осыдан соң екі жыл күйзелісте жүрдім", - деді Ayree.

Сонымен қатар әнші ұлы үшін ешқашан ұялмағанын жеткізді.

"Ұлым үшін, оның ерекше бала болғаны үшін ешқашан ұялған емеспін. Тек отбасыма ешкім тіл тигізбесе екен дедім. Осыдан біраз уақыт бұрын берген сұхбатымда отбасым жайлы бар шындықты айтқым келген. Ал сол кезде кездескен азаматым рұқсат бермеді. "Әлі уақыты келмеді" деді. Алайда сол уақытта түсінбеппін. Біз екі жыл кездестік. Ол да шоу-бизнес адамы. Бұл жағдай мен үшін сабақ болды. Жанымда болатын, мені түсінетін адамды әлі таппадым", - деді жан сырын ақтарған Ayree.

Айта кетейік, осыған дейін Ayree 18 жасында тұрмысқа шыққанын және бүгінгі таңда 12 жастағы ерекше баласы барын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2033967-satqyndyq-zasady-ansi-ayree-eki-zyl-kezdesken-suiiktisi-zaily-aitty/

pixel