Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыз деп ойлаймын": аяғы ауыр Ерке Есмахан көпшілікті жаңа суретімен қуантты (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық әнші Ерке Есмахан жақында бейнебаян арқылы аяғы ауыр екенін хабарлаған болатын. Әнші Instagram парақшасында жаңа суретін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алла Райымбекұлы немесе Райымбекқызы деп сүйінші сұрайтын күнге аман-есен жеткізсін", - деп жазды Ерке Есмахан.

Ал желі қолданушылары әншінің бұл қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жаудырды. Ерке Есмаханның оқырмандары арасында тіпті болашақ сәбидің жынысын болжап үлгергендер де бар.

"Аман-есен босанып алыңыз", "Сендер үшін өте қуаныштымын", "Қыз деп ойлаймын", "Керемет жұпсыздар", "Маған да бұйырсын", "Тіл-көзден сақтасын", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ерке Есмахан мен Раим көпшілікке "Бұл махаббат" атты бейнебаян ұсынып, әнші клип арқылы жақында сәбилі болатынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034104-qyz-dep-oilaimyn-ayagy-auyr-erke-esmaxan-kopsilikti-zana-suretimen-quantty-foto/

pixel