Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіміз білеміз": Ерке Есмахан қашан гендер-пати жасайтынын айтты (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан мен Раим жақында сәбилі болатынын хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын. Ерке Есмахан гендер-патиді қашан өткізетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген.

Желі қолданушысының бірі Ерке Есмаханнан гендер-патидің қашан өтетінін сұраған.

Ал әнші болашақ сәбиінің жынысын жұбайы екеуінің білетінін және гендер-пати ұйымдастыратынын жеткізді.

"Өзіміз білеміз. Тек көпшілікке қалай жеткізетінімізді әлі ойластырмадық. Алла бұйыртса, болады", - деп жазды Ерке Есмахан.

Сонымен қатар Ерке Есмахан жүктілігі жайлы естігенде жұбайы Раимның қандай сезімде болғанын да айтты.

"Ондай сәтті түсіріп алмайды екенбіз. Әке болатынын естігендегі сезімін айта алмаймын. Айтпаймын. Қазір маған ұрысады", - деп жауап берді Ерке Есмахан оқырман сауалына.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ерке Есмахан аяғы ауыр екенін хабарлаған болатын.

Ерке Есмахан сторис
Ерке Есмахан сторис. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034192-ozimiz-bilemiz-erke-esmaxan-qasan-gender-pati-zasaitynyn-aitty-foto/

pixel