Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңілім босап отыр": аяғы ауыр Ерке Есмахан өзіне қолдау білдірген көпшілікке алғыс айтты (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Жақында нәрестелі болатынын хабарлаған Ерке Есмахан өзіне қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс білдірді. Ол жұбайы Раим екеуінің суретін Instagram парақшасында бөліскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұйқымнан тұрып, Аллаға шүкіршілік айтып, көңілім босап отыр. Мүмкін, гормондардан да шығар. Себебі, сіздердің мыңдаған жылы тілегіңізді оқып, жүрегім қуанышқа толып кетті. Жүктілігіме, әнге, бейнебаянға, отбасымызға аямай лебіз білдіріп жатырсыздар.

Сіздерге Алла разы болсын! Бар жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын. Тіл-көзден аман болайық", - деп жазды Ерке Есмахан.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан мен Раим жақында сәбилі болатынын айтып, желіде су жаңа фотосессиясын бөлісті.

Ерке Есмахан сторис
Ерке Есмахан сторис. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034705-konilim-bosap-otyr-ayagy-auyr-erke-esmaxan-ozine-qoldau-bildirgen-kopsilikke-algys-aitty-foto/

pixel